Түркіменстан 40 жасқа дейінгі азаматтарды елден шығармайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркіменстан 40 жасқа дейінгі азаматтарды елден шығармайды

Түркіменстан 40 жасқа дейінгі азаматтарды елден шығармайды

Түркіменстанда елден шығуға қойылған жас шектеуі 40-қа дейін көтерілді, деп хабарлады Азатлыктың Дашоғыздағы тілшісі.

  • 28 Маусым 2018
  • 34
Фото - Caravan.kz

"25 маусымда дашоғыздықтар қаланың көші-қон қызметінен азаматтарға шетелге шығуға тыйым жасы 30-дан 40-қа ұлғайтылғанын білді", — деп хабарлады Азатлыктың осы аймақтағы тілшісі.

Сапармырат Түркіменбашы ауданының бір тұрғынының айтуынша, туристік визаға рұқсат сұрағандарға көші-қон мекемесіндегілер "жоғарыдан жас шектеуі туралы нұсқау алғанын" хабарлаған.

"Тыйым себебін сұрағанымда, уәлаятта жұмысқа жарамды ешкім қалмады деп жауап берді", — деді Сапармырат Түркіменбашы ауданының 36 жастағы тұрғыны.

Азатлык радиосы сәуір айының ортасында биліктің 30 жасқа толмағандарды халықаралық рейске жібермегені туралы хабарлаған. Халықаралық рейстерге әйелдерді де жібермеген жағдайлар да тіркелген.


Түркіменстан билігі елден шетелге шығуға тыйымды ресми түрде жарияламайы, тұрғындарға тыйымның себептерін түсіндірмейді.

Соңғы жаңалықтар