Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат агенттігінің ақпаратына сүйенсек, Г. Бердымухаммедов диқандар еңбегін ынталандырудың маңыздылығына айрықша назар аударып, астықтың сатып алу бағасын айтарлықтай көтеру туралы шешім қабылдады. Осы мақсаттарға мемлекет орасан зор қаржы жұмсайды, деп атап көрсетті президент. 2009 жылғы астық түсімінің 1 тоннасы 2 млн манат (140 АҚШ доллары) тұратын болады. Бұл ауыл тұрғындарына таза табысын 1,5 есе арттыруға мүмкіндік бермек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті