Түркіменстанда бензин тапшылығы жалғасып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркіменстанда бензин тапшылығы жалғасып жатыр

Түркіменстанда бензин тапшылығы жалғасып жатыр

Түркіменстан аймақтарында жанармай тапшылығы жалғасып жатыр.

  • 5 Қыркүйек 2019
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметі хабарлайды, деп жазды centralasian.org .

«А-92 және А-95 үлгісіндегі бензин тапшы. Кейбір май құю станцияларынан А-80 бензинін табуға болады. Дизель майы да тапшы. Үлкен жолдарда көліктер де азайып қалған», — дейді Мары облысындағы тілші.

Энергоресурстарға бай бұл өлкеде жанармай тапшылығы 2018 жылдың ақпан айында басталды. Бензин қымбаттап, май құю станцияларында кезек күткендер саны көбейген.

Өткен айда швейцариялық және ауғанстандық кәсіпкерлер Түркіменстанда өндірілген бензинді сатып алып жатқаны хабарланған.

Биыл 20 тамызда түркімен басылымдары елде тәулігіне 500 көлікке қызмет көрсете алатын екі жанармай салып жатқанын жазған.


Түркіменстанда мемлекет тарабынан белгіленген А-95 үлгісіндегі бензиннің бір литірінің ресми бағасы 1,5 манатты, А-80 1,2 манатты және дизель майының бағасы 1,4 манатты құрайды. Елдің Орталық банктің ресми бағамына сәйкес 1 АҚШ доллары 3,5 манатқа тең.

Соңғы жаңалықтар