Түркістан: бүлдіршінді балмұздақпен алдап, зорлаған педофил қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан: бүлдіршінді балмұздақпен  алдап, зорлаған педофил қолға түсті

Түркістан: бүлдіршінді балмұздақпен алдап, зорлаған педофил қолға түсті

Түркістанда  төрт жасар бүлдіршінді зорлаған педофил қолға түсті. Қанды қылмыс өткен аптада  орын алған. Полиция 37 жастағы күдіктіні жеті күн дегенде, қаланың шеткі аудандарының бірінде құрықтады. Бүлдіршінге көз тіккен айуан тәртіп сақшылары келгенде өз-өзіне қол салғалы жатыр екен. Қазір тергеушілер алдында жауап беруде, қылмысын толығымен мойындады. Бұл жыл басынан бері Түркістанда орын алып отырған осы тектес үшінші қылмыс. Өткен жылы болған қыз зорлау деректерінің әлі біразы сол күйі ашылмапты.

  • 9 Маусым 2011
  • 480
Фото - Caravan.kz

Түркістандық  төрт жасар қыз өткен аптада аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткен болатын. Түні бойы бүлдіршінді полиция да, ата-анасы да іздеп, тек ертеңінде қала шетінен тапқан. Тас жол бойындағы денесінде сау тамтығы қалмаған кішкентай қызды сол маңда жүрген бір тұрғын байқап, жедел жәрдем шақырған.

Гүлзат Байболова, гинекология бөлімінің меңгерушісі:

— Түскен кезде жағдайы өте ауыр болды; қажетті медициналық көмек көрсетілді. Жағдайы  ауыр, психологиялық жағдайына байланысты… қазір а қызбен психолог жұмыс жүргізуде.

Қатты қорқып қалған бүлдіршін әзірге тілден қалған; ер адамды көрсе,  жылай береді.

Жәбір көрген қыздың анасы:

— Айуандық! Бүлдіршін қыздан не нәрсе көрді!

Араға апта салып тәртіп сақшылары бала зорлаған педофилді  құрықтады. 37 жастағы күдікті бұрын да бұзақылық жасағаны үшін сотты болған екен.

Асқар Оспанов, ОҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары:


Өзінің нақты тұратын жеріде, отбасы да, баласы да жоқ.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, педофил полицейлерді көргенде өзіне қол салмақ болып, тамырларын кесіпті. Ал тергеушілерге берген жауабында ол аулада арақ ішіп отырып, 4 жасар нәрестеге көз салғанын қаймықпай айтып отыр. Бүлдіршінді «балмұздақ алып беремін» деп алдап, ертіп кетіпті.

Күдікті:

— Самал мөлтекауданынан бір  балмұздақ пен сусын әпердім. Сонымен шығып, Қызылорда тас жолы бойында Беларық деген жер бар, сол жерге барып,бір темекі шегіп алдым...

Айта кетейік, бұл жыл басынан бері Түркістан шаһарында бала зорлауға қатысты орын алып отырған үшінші қылмыс. Өткен жылы болған зорлық деректерінің де әлі біразы сол күйі ашылмапты. Соңғы оқиғадан кейін шаһар жұрты балаларын тіпті көшеге шығаруға қорқатын болған.

Соңғы жаңалықтар