Жарияланды: 30

Түркістан облысында 43 мың тұрғынның айлығы 60 мың теңгеден аспайды

Түркістан облысында 43 мың тұрғынның айлығы 60 мың теңгеден аспайды

Түркістан облысында 43 мың тұрғынның айлығы 60 мың теңгеден аспайды.

Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әлібек Тілегенов «Нұр Отан» партиясы жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Елбасының бес әлеуметтік бастама бағдарламасының орындалу барысын талқыға салған жиында табысы төмен азаматтардан алынатын салық мөлшерін азайту мәселесі сөз болды. Бағдарламаға сәйкес, келер 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесі 10 есе азаяды. Осы ретте облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әлібек Тілегенов сөз сөйлеп, жалақысы 60 мыңнан төмен 43 мың азаматтың салық төлемдері едәуір азаятынын жеткізді. 

«Бүгінгі таңда Түркістан облысында орташа айлық жалақы 103 мың теңгені құрайды. Жеке табыс салығын төлеушілер 114 380 азамат болып отыр. Айлығы 60 мың теңгеден аспайтын азаматтардың салықтарын азайту есебінен олардың еңбекақысы 2,5-3 мың теңгеге артады. Ал, облыс қазынасына түсетін бюджет түсімі 1 млрд. 219 млн теңгеге кемеиді»,- деді Әлібек Тілегенов.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть