Түркістан облысында ауыл тұрғыны әйелін ұрып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында ауыл тұрғыны әйелін ұрып өлтірді

Түркістан облысында ауыл тұрғыны әйелін ұрып өлтірді

Түркістан облысында отбасылық зорлық-зомбылықтан тағы бір келіншек бақилық болды.

  • 28 Маусым 2022
  • 706
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жетісай ауданының 30 жастағы тұрғыны күйеуінің ауыр соққысынан соң ес жимастан көз жұмған. Сорақысы сол, оқиға балаларының көз алдында болған.

Түннің жарымында ер адам әйелін бас салып төпелеп ұрып, денесінің сау тамтығын қалдырмапты. Ес-түссіз жағдайда ауруханаға жеткізілген көпбалалы ана алты күн жатып, жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Марқұмның артында алды 8 жаста, кішісі 11 айлық төрт баласы қалды. Полиция "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бабымен іс қозғаған. Қазір ер адам қамауда.

"27 маусым күні жас әйелдің есін жимастан қайтыс болуына байланысты аталған қылмыстық іс Қазақстан Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 3-ші бөлігімен қайта сараланып, бүгінгі күні толыққанды сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықалады", — дейді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Әбдірахманқызы.

"Бұл уақытқа дейін бұндай отбасылық кикілжің болмаған. Көршілерден немесе отбасы мүшелерінен бізге шағым түспеген. Қазіргі таңда балалар ата-әжесінің қарауында. Психологтар жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта балаларды ойын бөлу мақсатында лагерьлерге орналастару үшін жұмыс жүргізілуде", — дейді Ералиев ауылдық округінің әкімі Сұлтанбек Қасымов.


Куәгерлердің дерегінше, ер адам мұндай қадамға есірткінің әсерінен барған болуы мүмкін. Полиция әзірге бұл ақпаратқа қатысты мәлімет айтпады. Сараптама қорытындысы әлі шықпаған.

Қазір анасынан айрылған төрт бала әкелерінің ата-анасының қолында.

Ералиев ауылдық коругі әкімінің айтуынша, бұл отбасының өте қарапайым, бұрын-соңды мұндай оғаш қылығын естімеген. Былтырға дейін атаулы әлеуметтік көмек алып келгенін айтқан округ әкімі отағасының тұрақты жұмысы жоқ, тек шаруашылықпен күн көретінін жеткізді. Ол сол түні Нұр-Сұлтан қаласынан келген көрінеді. Ал қайтыс болған келіншек бала тәрбиесімен үйде отырған.

Соңғы жаңалықтар