Жарияланды: 30

Түркістан облысында демалуға келген жігіт қайтыс болды

Түркістан облысында демалуға келген жігіт қайтыс болды

Түркістан облысында Біркөлік шатқалына демалуға келгендердің бірі қайтыс болды. Демалушы топта 11 адам болған.

Төлеби ауданы, Алатау ауылдық округі,​ Біркөлік аумағында 15 маусымда сағат 22:00 шамасында 1994 жылғы жігіт пен 1997 жылғы қыз бала жоғалып кеткен. Бұл туралы 16 маусымда сағат 00:10-да "112" құтқару қызметінің пультіне хабарлама түскен. 

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар тәулік бойы іздеу шараларын жүргізіп,​ тек кешкі жетілер шамасында жоғалып кеткен жігіттің өлі денесін тапқан. 25 жастағы жігіт Біркөлік шатқалының тау аймағында 120 метр биіктіктен құлап,​ ағаш бұтақтарында ілініп қалған.​ ​ Жоғалған 1997 жылғы қыз шатқалдан өздігінен түскен. Қазіргі уақытта 22 жастағы​ қыз ауруханада жатыр. 

"Іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының 9 құтқарушысы, Түркістан облысы Төлеби ауданы ТЖ бөлімінің 14 қызметкері, жергілікті атқарушы органдары мен аудандық полиция бөлімінің 5 қызметкері, ҚР ҰҚК ШҚ №2041 ӘБ 4​ әскери қызметкер, 1 ит жұмылдырылған. Шымкент қ. ТЖД жедел-құтқару жасағы тауға шығар алдында міндетті түрде​ өз маршруттарыңызды ойластырып, топты тәжірибелі инструктор алып жүргені абзал деп ескертеді.​ Тау қателерді кешірмейді!", - дейді құтқарушылар. 
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін