Түркістан облысында демалуға келген жігіт қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында демалуға келген жігіт қайтыс болды

Түркістан облысында демалуға келген жігіт қайтыс болды

Түркістан облысында Біркөлік шатқалына демалуға келгендердің бірі қайтыс болды. Демалушы топта 11 адам болған.

  • 18 Маусым 2019
  • 38
Фото - Caravan.kz

Төлеби ауданы, Алатау ауылдық округі,​ Біркөлік аумағында 15 маусымда сағат 22:00 шамасында 1994 жылғы жігіт пен 1997 жылғы қыз бала жоғалып кеткен. Бұл туралы 16 маусымда сағат 00:10-да "112" құтқару қызметінің пультіне хабарлама түскен. 

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар тәулік бойы іздеу шараларын жүргізіп,​ тек кешкі жетілер шамасында жоғалып кеткен жігіттің өлі денесін тапқан. 25 жастағы жігіт Біркөлік шатқалының тау аймағында 120 метр биіктіктен құлап,​ ағаш бұтақтарында ілініп қалған.​ ​ Жоғалған 1997 жылғы қыз шатқалдан өздігінен түскен. Қазіргі уақытта 22 жастағы​ қыз ауруханада жатыр. 

"Іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының 9 құтқарушысы, Түркістан облысы Төлеби ауданы ТЖ бөлімінің 14 қызметкері, жергілікті атқарушы органдары мен аудандық полиция бөлімінің 5 қызметкері, ҚР ҰҚК ШҚ №2041 ӘБ 4​ әскери қызметкер, 1 ит жұмылдырылған. Шымкент қ. ТЖД жедел-құтқару жасағы тауға шығар алдында міндетті түрде​ өз маршруттарыңызды ойластырып, топты тәжірибелі инструктор алып жүргені абзал деп ескертеді.​ Тау қателерді кешірмейді!", — дейді құтқарушылар. 


 

Соңғы жаңалықтар