Жарияланды: 30

Түркістан облысында мал тасымалдаған 300-ден астам көлік тексерілді

Түркістан облысында мал тасымалдаған 300-ден астам көлік тексерілді Сурет - Polisia.kz

Түркістан облысында мал тасымалдаған 300-ден астам көлік тексерілді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Pollisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мақтаарал ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері – мал ұрлық қылмыстарын ашу мен алдын алу, ескерту және Қазақстан Республикасы ІІМ “Бөтеннің мүлкін қорғау” жөніндегі бағдарламасын іске асыру мақсатында үнемі тиісті іс шаралар атқаруда.

Қазіргі таңда, әрбір учаскелік полиция инспекторы өздерінің ауыл әкімдіктердің, ветеринария сала қызметкерлерімен бірге қараусыз қалған және егістік алқаптардың жағалауында арқандаулы қалған малдардың иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тапсыруда. Сонымен қатар елді мекендерде тұрғындардың малдарын сырғалап, таңбалап құжаттандыру жұмыстары атқарылуда.

Сондай-ақ мал ұрлықтарының алдын алу мақсатында аудандағы Мырзакент және Атакент кентерінде орналасқан мал базарларында әр аптаның бейсенбі күні таңғы сағат 05:00-ден бастап рейдтік іс-шаралар атқаруда. Онда мал тасымалдаған автокөліктердің және малдардың құжаттары тексеріліп, құжаттары жоқ болған жағдайда түсініктемелер алынды.

Ағымдағы жылдың 10 айында жалпы мал тасымалдаған 319 автокөлік, оның ішінде 612 мал тексерілді. Толығырақ айта кетсек, жылқы – 91, ірі қара – 286, қой – 235. Қазіргі таңда ӘҚБтК-нің 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша жалпы 91 тұрғынға қатысты әкімшілік шара көру үшін аудандық инспекция бөліміне іс құжаттар жолданды.

Әрбір ауыл әкімшіліктерінде өткізіліп жатқан жиналыстарда бөтеннің мүлкін ұрлау, оның ішінде мал ұрлық қылмыстарының алдын алу бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін