Түркістан облысында құстарды ату кезінде жасөспірім оққа ұшты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында құстарды ату кезінде жасөспірім оққа ұшты

Түркістан облысында құстарды ату кезінде жасөспірім оққа ұшты

Өңірдегі шаруашылық қожалықтарының бірінде құстарды атып жатқан кезде жасөспірім бала бала басынан оқ тиіп, мерт болды.

  • 9 Шiлде 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

Оқиға 8 шілде күні кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС бірінің егіс алқабында болған. Жүзімдікте құс атуға жалданған ер адам абайсызда жасөспірімді атып өлтіріп алды. Бала оқиға орнында көз жұмды.

«Жүзімдік бағында құстарды атуға жалданған ер адам атқан оқ абайсызда сол маңда жүрген жасөспірімнің басына тиген. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабы 1-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» делінген ҚР Ішкі істер министрлігі хабарламасында.


Оқиға орнынан 12 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленді. Экспертиза тағайындалды. Белгілі болғандай, оқ атқан Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар