Жарияланды: 680

Түркістан облысында туған қызын зорлап келген әкеге сот үкімі шықты

Түркістан облысында туған қызын зорлап келген әкеге сот үкімі шықты Сурет - Azattyq ruhy

Түркістан облысында өз қызын зорлап, артынша әйеліне де өз еркінен тыс зорлық-зомбылық көрсеткен ер адам 15 жылға сотталды, деп хабарлады облыстық Полиция басқармасының баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Оқиға 2019 жылы болған. Қыркүйек айында жергілікті тұрғын өзінің күйеуінің үстінен арызданып, полициядан көмек сұраған. Айтуынша, ер адам алдымен кішкентай қызын зорлаған. Араға түскен әйелі де оның құрбанына айналыпты.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша СДТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті жасалған қылмысты мойындады және қамауға алынды. Алайда, келесі күні күдіктінің әйелі кәмелетке толмаған қыздың заңды өкілі бола тұра, өзінің айтқандарынан бас тартты. Ол күйеуінің жиі мас болатынына байланысты осылай жазаладым деп ақталды. Анасының пікірін қыз да қоштады. Әрине, тергеу барысында біз аймақтың менталитетін, туыстарының ықпалын ескердік және осыған қарамастан сотқа дейінгі тергеуді жалғастыра бердік. Бізге дәлелдерді әрбір бөлшектерден жинауға, күндіз-түні демалыссыз жұмыс істеуге, сараптама тағайындауға және кәсіби мамандарды да тартуға тура келді. Бұл үшін бірнеше ай қажет болды. Нәтижесінде, Түркістан облысы бойынша Әділет министрлігінің сот-медициналық сараптама институтының мамандары әйел мен кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық сипаттағы әрекеттер шын мәнінде болғанын растады», - деді Түркістан облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасов.

Тергеу барысында республиканың үздік психологтары қызбен және оның анасымен жұмыс істеген. Психолог-маман әйелдің депрессиялық күйде, ал қыз ересектердің ықпалында және қалыптасқан жағдайда оның психологиялық жағдайына теріс әсер еткен деген қорытынды берген. Осыны ескере отырып, маман соттың бастапқы айғақтарына сүйене отырып, жасөспірімнің қатысуынсыз өтуін ұсынған.

Осылайша, сот барысында ер адамның қылмысы дәлелденіп, судья оны 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін