Түркістан облысында ТЖ: ауылдарды су басты, эвакуация жүріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында ТЖ: ауылдарды су басты, эвакуация жүріп жатыр

Түркістан облысында ТЖ: ауылдарды су басты, эвакуация жүріп жатыр

13 мамырда кешкі уақытта Түркістан облысында толассыз жауған жаңбыр мен су деңгейінің көтерілуінің салдарынан ондаған үйді су басты.

  • 14 Мамыр 2020
  • 79
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz ке сілтеме жасап хабарлайды.

Төле би ауданы Екпінді ауылында Қасқасу өзенінің су деңгейі көтерілуіне байланысты төрт жеке үй мен 15 ауланы су басқан. Жоғарғы ауылында төрт автомобиль көпірін су қиратып кеткен. 

Шымкенттің Еңбекшіқазақ ауданы Елтай ықшамауданында Төле би ауданынан келетін арықтардан су тасып, 60 ауланы су басып қалған. Құтқарушылар, полицейлер және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері тұрғындарды Тоғыс ауылындағы №120 және №119 орта мектептеріне эвакуациялаған. 

Су сору және арықтарды механикалық тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Жедел штаб құрылған.

Otyrar.kz басылымының мәліметінше, Елтай тұрғын үй массивінде 150 тұрғын эвакуацияланған, шамамен 150 тұрғын туыстарының үйін паналаған. ТЖД мобиль топтары елді мекен тұрғындарын дыбыс зорайтқышпен эвакуация туралы хабардар етті. 


"Үй аулаларындағы су деңгейі — 20-50 сантиметр. Қазіргі уақытта су ағыны секундына 3-5 текше метр", — делінген хабарламада.

Басылымның мәліметінше, Төле би ауданында ТЖ орнына аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің бастамасымен құрылған жұмыс тобы жеткен. Көпірлерді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Шымкент маңындағы Сұлтан Рабат ауылында да су деңгейі көтерілген, жолдарды су басқан. Бұл туралы куәгерлер хабарлап жатыр. Осындай жағдай Леңгірде де болып жатқаны айтылады. Ал Қазығұрт ауданы Жігерген ауылдық округінде үйлерді су басқан.

Соңғы жаңалықтар