Түркістан облысында жоғалған екі азаматтың бірі өлі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында жоғалған екі азаматтың бірі өлі табылды

Түркістан облысында жоғалған екі азаматтың бірі өлі табылды

Түркістан облысында боран кезінде жоғалған екі азамат табылды.

  • 8 Ақпан
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

7 ақпанда 1975 және 1989 жылдары туған екі адам Түлкібас ауданының Керейіт ауылынан мал іздеуге шығып, ауа-райының қолайсыздығынан адасып кеткен еді.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 48 адам, 4 техника, 2 дроннан құралған Түркістан облысы ТЖД, ЖАО күштері мен құралдары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары ауа-райының нашарлауымен қиындады.

Іздеу тобы 1989 жылы туған азаматты Шинбұлақ ауылынан тапты. Өкінішке қарай, 1975 жылы туған азаматтың денесі табылды.

"Қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз!" — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар