Түркістан облысының тұрғындары құжатын ауыстыруы қажет пе? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысының тұрғындары құжатын ауыстыруы қажет пе?

Түркістан облысының тұрғындары құжатын ауыстыруы қажет пе?

Әділет министрі Марат Бекетаев Түркістан облысы тұрғындарына құжаттарға қатысты мәселені түсіндіріп берді.

  • 22 Маусым 2018
  • 50
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.  

Ведомство басшысы таяуда Президенттің Шымкентке және Түркістан облысына берген статустарына байланысты Әділет министрлігінің қосымша шығын қарастырмайтынын айтып өтті.

"Бөліну бойына дайындық жұмыстары басталды. Біз басқа да мемлекеттік орган сияқты жарлықпен танысып, дайындық жұмыстарын бастап кеттік", — деді Марат Бекетаев брифинг барысында.

Бекетаевтің айтуынша, облыс атауы өзгерілгеннен кейін облыс тұрғындарына қандай да бір құжаттарды ауыстырудың қажеті жоқ.

"Ештеңені ауыстырудың қажеті жоқ. Заң бойынша, барлық паспорт пен барлық құжат күшін жоймайды", — деді Марат Бекетаев. 

Сондай-ақ, әділет министрі Түркістан облысының пайда болуына байланысты мемлекеттік сот орындаушылардың бір бөлігі сол өңірде жұмысқа тұра алатынын айтып өтті.


Еске сала кетейік, 19 маусымда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда Түркістан облысы пайда болатыны жайлы заңға қол қойған еді. Мәжіліс депутаттарының айтуынша, Президенттің Түркістан облысын құрып, Шымкентті республикалық маңызы бар қала ретінде бекіту туралы шешімі тарихи оқиға болып саналады.

Сонымен қатар, осыған дейін қаржы министрі Түркістан облысының бюджеті жайлы айтып берген болатын.
 

Соңғы жаңалықтар