Түркістан облысының тұрғыны енесінің үйіне терезеден кіріп, тонап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысының тұрғыны енесінің үйіне терезеден кіріп, тонап кетті

Түркістан облысының тұрғыны енесінің үйіне терезеден кіріп, тонап кетті

Түркістан облысында енесінің 1,7 миллион теңгелік алтын бұйымдарын ұрлаған ер адам ұсталды.

  • 22 Сәуiр 2022
  • 57
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Шардара аудандық полиция бөліміне арызданған әйел белгісіз біреудің үйіне терезеден кіріп, жатын бөлмесіндегі алтын жүзігін, сырғасын, бағалы тастары мен алқаларын жымқырып кеткенін айтқан.

Шығын сомасы 1,7 миллион теңгені құрады. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша ("Ұрлық") сотқа дейінгі тергеуді бастап, жедел іздестіру шараларына кірісті.

Арнайы тергеу тобы да құрылған. Олар бір күннің ішінде күдіктінің ізіне түсті. Ұсталған ер адам жәбірленушінің күйеубаласы болып шықты.


"Ол оңай жолмен ақша табу мақсатында қараусыз тұрған үйге кіріп, алтын бұйымдарды жымқырған. Ал ұрлаған алтындарды үйінің ауласындағы гаражына тығып, сатудың оңтайлы сәтін күткен", — дейді полицейлер.

Алтын бұйымдар иесіне қайтарылған. Ал күдікті тергеуге алынды.

Соңғы жаңалықтар