Түркістан жолдарын жөндеуге 8 млрд теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан жолдарын жөндеуге 8 млрд теңге бөлінді

Түркістан жолдарын жөндеуге 8 млрд теңге бөлінді

Түркістан қаласында биыл 68 көше жаңа кейіпке енеді деп жоспарланған. Дәл қазір олардың бойымен жаяу жүргіншілерге арналған және велосипед жүретін жолдар төселіп жатыр.

  • 28 Шiлде 2019
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 24.kz сайтында хабарланды.

Құрылысшылар қаланың басты көшесін алты жолаққа дейін кеңейтуге кірісті. Оның ұзындығы шамамен 5 шақырымдай болады. Жөндеу жұмыстары жаздың соңына дейін аяқталуы тиіс.

Одан бөлек, биыл 50-ден астам көше абаттандырылады. Бұл мақсатқа жергілікті қазынадан 320 миллион теңге қарастырылған. Қаражат есебінен облыс орталығында шам бағаналары орнатылып, көгалдандыру ісі атқарылады.

Реклама/TV Media Digital

«4 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл дегеніміз, Түркістан қаласындағы негізгі көшелерде 4 жолақты, салмағы 13-14 тонна аралықтағы ауыр салмақтағы көліктерге есептелген жолдар салынады. Бізде 250-ге жуық жұмысшы мен 100-ден астам ауыр техника жүмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда негізгі жұмыстар 60 пайызға анықталды», — дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Байдолла Оразбеков.