Түркістандағы әйгілі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі құлауы мүмкін бе? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістандағы әйгілі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі құлауы мүмкін бе?

Түркістандағы әйгілі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі құлауы мүмкін бе?

Әлеуметтік желіде Түркістандағы әйгілі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қабырғаларының көгеріп, сор тарта бастаған суреттері тарады. 

  • 17 Маусым 2022
  • 153
Фото - Caravan.kz

Аталған суреттерді желіге Қанжігіт Сыздық жүктеді, деп хабарлайды Сaravan.kz  медиа порталы. 

"Мына суреттерді Түркістанға зиярат ете келген бір азамат менің вацабыма жіберіпті. Сыртағыларын 2022 ж 11 маусымда, екіншісін одан кейін түсіріпті.

“Аға мен 11 маусым күні кесененің алдындағы екі сары сызықтан ішке кіре алмадым. Байқап қарасам кесененің іргесі зәктеніпті, бір екі кірпіш алдынғы жағында төбеден түсіп жатыр. Кейін ашылды деген соң қайта барып ішін араладым. Бөлмелердің атын білмеймін мына суреттердегдей қабырғаларына судың ызасы шығып кетіпті.

Осыдан екі жыл бұрынғы Сіздің “Керуен сарайдағы жасанды көл суы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жер астымен ызылап барған сумен бүлдіріп алмаймызба?” деген жазбаңызды ф/бдан оқыған едім. Кесене қабырғаларының ызаланғанын көріп сіздің айтқан пікіріңізге орай мына жағдай сол жасанды көлдердің суынан емеспе деген ой келіп, сізге салып отырмын?

Аға әрдайым Сіздің ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайына байланысты, сондай ақ қасиетті Түркістанның жағдайын, онда салынып жатқан сапасыз да, ретсіз құрлыстар жөніндегі жазбаларыңызды әлеуметтік желіде оқып тұрамын.

Мына суреттерді де сіз түсінеді деп салдым. Мазалағаныма кешірім сұраймын” депті. Ал Түркістанның басшылары 7 ғасырдан астам еш жері бүлінбей тұрған Қасиетті Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне мына ызы суды біреулер шелекпен тасып ызаландырмаған болар.


Енді мына жағдайды не деп түсіндіріп бересіздер?", деп жазды Қанжігіт Сыздық. 

Соңғы жаңалықтар