​Түркістанға жаңа әуежай салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
​Түркістанға жаңа әуежай салынады

​Түркістанға жаңа әуежай салынады

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма бесінші сессиясы өтті.

  • 22 Маусым 2018
  • 41
Фото - Caravan.kz

Басқосуға облыс әкімі Ж.Түймебаев және облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, қала және аудан әкімдері мен қалалық және аудандық мәслихат хатшылары, құқық қорғау органдарының, облыстық аумақтық департамент пен басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессиясының күн тәртібінде облыстық құрылыс басқармасының басшысы Қ.Жамашевтың «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасының 2017-2018 жылдары орындалуы жөніндегі есебі және облыс әкімдігі мен облыстық тексеру комиссиясының 2017 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша қорытындысы тыңдалды.

Сондай-ақ, «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар және «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу, Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық бірліктеріне атау беру және қайта атау туралы мәселелер қаралды.

Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт жинақталған мәліметтер бойынша облыста 12 аудан, қалалардан 51 әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесі анықталғанын жеткізді. Аталған шешім жобасын қабылдау арқылы жол жүруге қолжетімді бағамен облыс тұрғындарын тұрақты жолаушылар тасымалымен қамтамасыз етуге мүмкіндіктер туындайтынын айтты.

Жиынды қорытқан Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев келесі облыстық мәслихаттың отырысы өңір орталығы Түркістан қаласында өтетінін айтып, алдағы уақытта қаладағы атқарылатын жұмыстарға тоқталды.


«Түркістанның облыс орталығы болуы барлығымызға үлкен міндет жүктейді. Түркістан – түркі дүниесінің орталығына айналады, халықаралық маңызы артады. Ол үшін облыс орталығында жаңа әкімшілік-іскерлік орталық, мәдени нысандар, спорт кешендері, сауда орталықтары салынады. Халықаралық дәрежедегі ғылыми, діни, мәдени форумдар мен симпозиумдар өтеді. Туризм саласын түлету үшін Түркістан қаласында жаңа әуежай, мен автовокзал салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ескі темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өтеді. Ауыл шаруашылығында интенсивті бау сынды жобалар қолға алынып, өнеркәсіп өнімі артатын болады», – деді облыс басшысы.

                                                                                                                                   Ақпарат көзі: ERNUR.KZ 

 

Соңғы жаңалықтар