Түркітілдес мемлекеттер біртұтас ақпарат кеңістігін құру мәселесін талқылайды – Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркітілдес мемлекеттер біртұтас ақпарат кеңістігін құру мәселесін талқылайды – Назарбаев

Түркітілдес мемлекеттер біртұтас ақпарат кеңістігін құру мәселесін талқылайды – Назарбаев

Биылдан бастап түркітілдес елдер біртұтас ақпарат кеңістігін бірлесіп дамыту мәселесін талқылайды.

  • 6 Маусым 2014
  • 588
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бейсенбі күні Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бодрумда өткен саммиті қорытындысы бойынша өткен брифингте президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Қазақстан басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Мен күллі әлемге түркі тілдес елдер туралы, біздің мәдениетіміз бен тарихымыз туралы әңгімелеп беретін арнайы спутниктік телеарна ашу мәселесін қарау жайлы ұсыныс жасадым», — деді Н.Назарбаев.

Оның ойынша, осы телеарнаның көмегімен Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың назарын өзіне аудартып, индустриалды бағдарламасын жалпақ жұртшылыққа паш етпек.