Түркия билігі YouTube-ні блоктау туралы шешімін жойды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия билігі YouTube-ні блоктау туралы шешімін жойды

Түркия билігі YouTube-ні блоктау туралы шешімін жойды

Түркияның Телекоммуникация департаменті сейсенбі күні өзінің ресми сайтынан YouTube бейнесервисін блоктау туралы шешімін алып тастады.

  • 4 Маусым 2014
  • 562
Фото - Caravan.kz

 Портал бірнеше сағаттан соң іске қосылуы тиіс, деп хабаралайды РИА "Новости".

 YouTube-ге қолжетімділікті түрік билігі 27 наурызда Түркияның әлеуетті құрылымдарының жоғары лауазым өкілдерінің Сирияға ықтимал әскери басқыншылық мәселесі талқыланып жатқан кездесуі туралы бейне жазба салынғаннан кейін блоктаған болатын. Бұдан сәл бұрын, 21 наурызда сот шешімімен Twitter блокталған еді.

Елдің Конституциялық соты 2 сәуірде Twitter-ді блоктау туралы шешім шығарды, 29 мамырда YouTube-ге қатысты да осындай шешім қабылданды.

Таяу уақытта сервис Түркия аумағында іске қосылатын болады деп күтілуде. Елдің Премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоган әлеуметтік желілердің жабылу ықтималдығы туралы бірнеше рет ескерткен. Оның пікірінше, осы ресурстардың көмегімен мемлекеттік құпиялар жария болуда, жеке өмірге араласу да орын алып келеді.