Жарияланды: 370

Түркия елшісі қазақстандықтарды Астана күнімен қазақ тілінде құттықтады

Түркия елшісі қазақстандықтарды Астана күнімен қазақ тілінде құттықтады

Қазақстан Республикасындағы Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык қазақстандықтарды Астана күнімен және ЭКСПО-2017 көрмесін сәтті өткізуімен құттықтады.

Сондай-ақ, елші бүкіл түркі халықтарының ақсақалы атанған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты да 77 жасқа толуымен құттықтап өтті.

Биыл Астана үшін ерекше жыл екенін айтқан Н.Уянык ЭКСПО-2017 көрмесінің маңыздылығын, ондағы Түркия павильонының ең ірі павильондардың бірі екенін де атап өтті.

"ЭКСПО көрмесінде Түркия павильоны ең үлкен және ең әдемі павильондардың бірі. ЭКСПО ғимараттарының құрылысына қазақ бауырларымызбен бірге Түркия құрылысшыларының да сіңірген еңбегі орасан зор. Сонымен қатар, биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толды. Астананың көркейіп, Қазақстанның халықаралық аренадағы абырой-беделінің арта беруін тілеймін!", - деді Түркия елшісі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін