Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуын қолдамайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуын қолдамайды

Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуын қолдамайды

Түркия Финляндия мен Швецияның Солтүстік Атлантикалық альянсқа (НАТО) кіруін қолдамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

  • 4 Қараша 2022
  • 15
Фото - Caravan.kz

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлумен өткізген ортақ баспасөз мәслихатында Швеция мен Финляндияның НАТО-ға тезірек қабылдануы керектігін және Түркияның Солтүстік Атлантикалық альянсқа кіру талаптарын орындап қойғанын айтты.

"Финляндия мен Швецияны НАТО-ның толыққанды мүшелері ретінде қарсы алатын уақыт келді, бұл ұйымның өзін нығайтады және оған кіретін барлық елдердің қауіпсіздігін арттырады", — деді Столтенберг.

НАТО бас хатшысы 4 қараша, жұма Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен екі елдің альянсқа қосылу мәселесін талқылайтынын айтты.


Мевлют Чавушоглу Йенс Столтенбергке Түркия мен Швеция арасындағы қарым-қатынаста ілгерілеушілік байқалғанымен, екі ел арасында шешілмеген мәселе көп екенін, олардығ НАТО-ға қосылуын қолдай алмайтынын айтты. Оның айтуынша, Финляндия мен Швеция Анкара қойған барлық талаптарды әлі орындамаған.