Жарияланды: 1200

Түркия қазақстандық кәсіпкерлермен ынтымақтастықты жандандыруға әзір

Түркия қазақстандық кәсіпкерлермен ынтымақтастықты жандандыруға әзір

Қазақстан мен Түркия арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты нығайту мәселесі

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаевтың Түркияның Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің (KOSGEB) Ыстамбұлдағы өкілдігінде өткен кездесуі барысында талқыланды, деп хабарлады Елшіліктің баспасөз қызметі.

Түрік тарапы шағын және орта кәсіпорындарына техникалық және экономикалық проблемаларын шешуде, олардың сапасы мен технологиялық деңгейін көтеруде жәрдем көрсету, сонымен қатар өнімдерін нарыққа ілгерілету үшін жаңа мүмкіндіктермен қамтамасыз ету сияқты мәселелерінің KOSGEB-тің алдында тұрған мақсаттарының негізгісі екендігін атап өтті.

KOSGEB өкілдері өндірістік аймақтардың ұйымдастырылуы бойынша жұмыстың жүргізілу барысы туралы да хабардар етті. KOSGEB-тің Ыстамбұлдағы филиалының басшылығы кітапшалар мен басылымдардың нұсқаларын ұсына отырып, бейнематериалдардың негізінде баяндама жасады.

Қазақстандағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» инфрақұрылымдық бағдарламасының орынды қабылдануының маңыздылығы да атап өтілді. «Осы іспеттес бағдарламалардың қабылдануы шағын және орта кәсіпорындарының дамуына септігін тигізеді», - деп, KOSGEB өкілдері айта отырып, Қазақстанның елді дамытудағы жетістіктерін жоғары бағалады.

Шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі бойынша Түркияның тәжірибесі бірегей болып табылады. Себебі, шағын және орта бизнес Түркияның экономикасында маңызды рөл атқара отырып, оның сауда-өндірістік кешенінің негізін құрайды. Түркияда шағын және орта бизнес өкілдері барлық тіркелген кәсіпорындарының 98 %-ын, не одан да көбісін құрайды. Түркияда шағын және орта бизнеске қызмет пен жәрдем көрсету бойынша мекемелер баршылық. Олардың ішінде коммерциялық емес мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар мен бірлестіктер бар. Оның белсенділерінің бірі - KOSGEB.

KOSGEB-тің Ыстамбұлдағы өкілдігінің басшылығы Қазақстанның мүдделі тараптарымен ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға, сонымен қатар шағын және орта кәсіпорындарына қолдау көрсету мен тәжірибемен алмасуға тағы да әзір екендіктерін білдірді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін