Түркия Ресей ұшағын атып түсірмес бұрын 10 рет ескерту жасаған
Сирияда Ресейге тиесілі ұшақ атып түсірілді. Шекара бұзған «Су-24» бомбалаушы әуе кемесін түрік әуе қорғаныс күштері құлатқан. |
Шекараны заңсыз кескен ресейлік экипажға негізі қару кезенбес бұрын 10 рет ескерту жасалған екен. Ресейдің Қорғаныс министрлігі қазір оқиға орнында егжей-тегжейлі тексеру жүргізіп жатыр. 6 мың метр биіктіктегі ұшақ ауада өртеніп, қалдықтары жерге құлаған. 2 ұшқыш катапультпен секіріп үлгеріпті. Бірақ ,олардың қазіргі жағдайы туралы еш ақпарат жоқ. Ұшақ «Ислам мемлекеті» содырларына әуеден соққы жасау үшін көтерілген. Бұл оқиға енді үлкен жанжалға ұласуы мүмкін. Өйткені ресми Анкара өткен жұмада Сириядағы түркмен ауылдарын бомбалаған Ресейге қатаң ескерту жасаған болатын. Өйткені этникалық түркмендер қоныстанған Байырбуджак ауданында «Ислам мемлекетінің» содырлары жоқ. Бірақ түріктердің бұл уәжін Мәскеу тыңдамай, әуеден соққы жасаған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін