Түркияда 15 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда 15 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды

Түркияда 15 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды

Елде төңкеріс жасау әрекетіне қатысты тергеу жүргізіп жатқан Түркия билігі 15 мың мемлекеттік қызметкерді жұмыстан босатты. Қызметтен кеткендер арасында екі мыңға жуық әскерилер, жеті жарым мың полиция, 500 жандарм бар.

  • 23 Қараша 2016
  • 419
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Бұған қоса тоғыз ақпарат құралы, жеті газет, 500-ге жуық түрлі ұйымдар мен 18 қайырымдылық қорының жабылғаны да хабарланды.

Қазір Түркияда мемлекеттік қызметтен қуылғандар саны 110 мыңға жетті. Олардың қатарында судьялар, декандар, оқытушылар, әскерилер мен журналистер бар.

Биыл шілдеде болған мемлекеттік төңкеріс әрекетінен соң 70 мың адам тергеліп, олардың 32 мыңы сот санкциясы бойынша қамалған.


Соңғы жаңалықтар