Жарияланды: 40

Түркияда 18 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылып, төрт БАҚ жабылды

Түркияда 18 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылып, төрт БАҚ жабылды

Түркияда түрлі министрліктер мен ведомстволардағы мемлекеттік қызметтен "ұлттық қауіпсіздікке қарсы іс-әрекет" күдігіне іліккен 18 мыңнан астам адам босатылған. Бұл туралы жексенбі күні "Ресми газета" басылымында жарияланған "заңды күші бар жарлықта" айтылған.

Шілденің 8-інде жарық көрген жарлыққа сәйкес, елде 12 ассоциация, үш газет және телеарна жабылады. Ең көп адам – 9 мыңға жуық қызметкер Бас қауіпсіздік басқармасынан жұмыстан босатылады. Сонымен бірге ғылыми институттарда еңбек еткен 199 адам жұмыссыз қалған. Жұмыстан босағандардың барлығы мемлекеттік қызметкерге тиесілі жеңілдіктен айрылған, оларға мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеуге тыйым салынған.

Жұмыстан босатылғандардың ішінде:

  • 8 998 полиция өкілі,
  • 3 077 әскери қызметкер,
  • 1 949 авиация қызметкері,
  • 1 126 әскери-теңіз флоты қызметкері,
  • 1 052 әділет министрлігі қызметкері,
  • 199 академик бар.

Бірақ 148 адам әртүрлі қызметке қайта алынған.

Осыдан екі жыл бұрын іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс әрекетінен кейін елде жарияланған төтенше жағдай тәртібі осы айда аяқталады деп хабарланған.

Түркия үкіметі 2016 жылғы шілденің 16-сында 250 адамның қазасына себеп болған мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысты деп АҚШ-та тұратын түрік діни қайраткері Фетхулла Гүленді айыптайды, Гүлен өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть