Жарияланды: 30

Түркияда 21 жастағы қазақстандық қыз жоғалып кетті

Түркияда 21 жастағы қазақстандық қыз жоғалып кетті Сурет - Pixabay

Шетелдік БАҚ Түркияның Анталия қаласына Қазақстаннан барған жас қыздың жоғалып кеткені туралы хабар таратты. Бойжеткені іздеп, оны таппай жатқанына екі айдан астам уақыт өткені де айтылады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Cumhuriyet-тің хабарлауынша, хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық қыз біраз уақыттан бері Түркияда отбасымен бірге тұрады, ол ата-анасымен ұрсысып, үйден шығып кеткен. Міне, содан бері 2,5 ай уақыт өткен, қыз үшты-күйлі жоқ. Ол үйден шыққанда өзімен бірге ешқандай құжат немесе ақша алмаған.

Басылым қыздың анасы дереу полицияға қоңырау шалғанын, бірақ оның сол күйі әлі табылмағанын хабарлайды. Таяу уақытта қыздың ата-анасы республикалық телеарнадағы бір бағдарламаға қатысып, өз басындағы жағдайлармен бөліспек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін