Түркияда апатқа ұшыраған қазақстандықтарды елге жеткізу мәселесі қарастырылуда - СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда апатқа ұшыраған қазақстандықтарды елге жеткізу мәселесі қарастырылуда - СІМ

Түркияда апатқа ұшыраған қазақстандықтарды елге жеткізу мәселесі қарастырылуда - СІМ

Түркияда көлік апатына ұшыраған қазақстандық жастарды елге әкелу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметінің басш

  • 27 Қыркүйек 2017
  • 210
Фото - Caravan.kz

Түркияда көлік апатына ұшыраған қазақстандық жастарды елге әкелу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Фейсбуктағы парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, Қазақстанның Антальядағы консулы қазақстандық азаматтармен үнемі байланыста және ауруханаларға барып, олардың қал-жағдайын біліп отыр. Сондай-ақ, жарақат алған жастарға жасалған операция ақысын төлеу мәселесі шешіліп жатыр. «Жеті қазақстандық Антальяға өз беттерінше барған. Өкінішке қарай, сақтандыру полистері болмаған. Сондықтан апаттан кейін олардың хирургиялық операциясының төлеміне байланысты қиындықтар туындады. Дегенмен, біздің дипломатымыз түрік тарапымен келісімге келді, яғни ауыр жараланған бес қазақстандықтың медициналық шығыстарын такси жүргізушісінің сақтандыру компаниясы өзіне алатын болды. Тағы екі азаматымыз бойынша төлеу мәселесі шешілу үстінде», — делінген хабарламада. Мәлімет бойынша, қазір біздің қазақстандықтардың жағдайы тұрақты. Оның ішінде екі жігіттің жамбас сүйектері сынған, бір бойжеткеннің миы қатты шайқалған. Олардың барлығы да өз бетінше қозғала алмайды. Бүгінде қазақстандықтарды елге әкелу мәселесі шешілуде.



 

Соңғы жаңалықтар