Түркияда Димаштың суреті салынған граффити пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда Димаштың суреті салынған граффити пайда болды

Түркияда Димаштың суреті салынған граффити пайда болды

Түркияның Адана қаласында әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің бейнесі бар граффити пайда болды.

  • 3 Тамыз 2020
  • 56
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Dears, біз өткен жылы 1 тамызда Димашты Ыстанбұл әуежайында кездесу бақытына ие болғанбыз. Бір жылдық мерейтойымызды талантты түрік суретшілері Alper (zeos2305) және Ayşe (akazio1) жасаған Bastau деп аталатын қабырға суретімен қарсы алдық. Біз "Bastau" — Димаштың Түркияда салынған алғашқы суреті және әлемдегі алғашқы 3D гиперреалисттік граффити екенін қуана жариялаймыз!, — деп жазды Димаштың Түркиядағы dimash.turkey деп аталатын фан-клубы желідегі парақшасында. 

Суретші Альпер Агка бұл жұмыс оған сәттілік әкеледі деп үміттенеді. 

Айта кетейік, қабырғаға сурет салу үшін екі ай уақыты кеткен.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Dimash Turkey (@dimash.turkey) on

 

Соңғы жаңалықтар