Жарияланды: 490

Түркияда оққа ұшқан елшінің өлімін тергеуді БАҚ-тың жазуына тыйым салынды

Түркияда оққа ұшқан елшінің өлімін тергеуді БАҚ-тың жазуына тыйым салынды

Анкара соты түрік бұқаралық ақпарат құралдарына Ресей елшісі Карловтың өлімін тергеу барысы туралы жазуға тыйым салды.

Anadolu хабарлауынша, мұндай шешімді Анкара прокуратурасы шығарған.  

Сондай-ақ қылмыскер Мевлют Алтынташтың елші Андрей Карловты тапаншамен атып жатқан кезде түсірілген суреттерді жариялауға болмайды.  

Естеріңізге сала кетсек, 19 желтоқсанда Анкарада Қазіргі заман өнері орталығында сөз сөйлеп тұрған Ресей елшісі Андрей Карловқа оның жанында тұрған ғимарат күзетшісі Мевлют Мерт Алтынташ тапаншадан оқ атып, дипломат қаза тапты.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін