Түркияда прокурорды атып өлтірген бүлікшілер тыншыр емес - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда прокурорды  атып өлтірген бүлікшілер тыншыр емес

Түркияда прокурорды атып өлтірген бүлікшілер тыншыр емес

Бүгін Түркияда қаруланған топ билік партиясының Стамбұлдағы кеңсесіне басып кірді. Бірақ олардың әрекеттері ұзаққа созылмаған. Барлығы да арнайы жасақтың қолына түсті.

  • 2 Сәуiр 2015
  • 200
Фото - Caravan.kz

Ресми ақпарға қарағанда, Әділет және даму партиясының кеңсесіне басып кіргендер 3 адам. Стамбұл прокуроры Мехмет Селим Киразды өлтірген қарақшылардың жақтастары көрінеді. Кеше беттерін тұмшалаған белгісіз біреулер Прокуратура ғимаратына басып кіріп, Киразды кепілдікке алған болатын. Оның себебін түсіндіріп, ғаламторға мына видеоны да жолдаған. Сөйтіп, олар прокурорды 2013 жылы болған көтеріліс кезінде қаза тапқан бір баланың өліміне қатысты әділ тергеу жүргізбеді деп айыптайтынын жеткізіпті. Бірақ қарақшылар полиция жеткенше Киразды атып тастаған. 5 жерінен жараланған ол ауруханаға апара жатқанда қаза тапты. Ал қарулы топтың 2 мүшесі оққа ұшып, өзгесі түгел ұсталған. Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы оқиғаны бүлік деп танып, елдегі барлық сот орындарындағы қауіпсіздік жүйесін күшейтуді тапсырды.