Бұл туралы Индустрия және жаңа технология министрлігінің туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев мәлімдеді.
"2014 жылдың 12 шілдесіне дейін «Гүлнар тур» компаниясының қалған барлық туристері жоспарлы түрде Түркиядан Қазақстанға қайтарылады», — деп министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада М.Иғалиевтің сөзі келтірілген.
Туризм индустриясы комитеті «Гүлнар тур» уомпаниясының барлық қалған туристері мен олардың туыстарына Қазақстанның Анталиядағы консулдығына жүгінуді, сондай-ақ Қазақстан аймақтарындағы шұғыл байланыс телефондарына қоңырау шалуға кеңес беруде.
3 мен 9 шілде аралығында жүйелі және чартерлік рейстермен Түркиядан 400-ге жуық қазақстандық туристер елге жеткізілді.