Түркияда жол апатынан зардап шеккен отандастарымыз елге жеткізілді
![]() |
Түркияда жол апатына түсіп, ауруханаға жатқызылған 5 қазақстандық елге жеткізілді, - деп хабарлады http://khabar.kz/. |
Кеше түнде Алматы әуежайында ағайынды Тоғжан мен Шолпан Турғанбековаларға «Тау сұңқар» медициналық орталығының дәрігерлері көмек көрсетті. Олар толық елге жеткенше Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің жіті бақылауында болған. Естеріңізге сала кетейік, оқиға 6 тамыз күні Памуккале-Анталия тасжолының бойында болған. Апат кезінде 4 жолаушы қаза тауып, 27-сі жараланған. Марқұм болғандардың бірі – отандасымыз Аида Сарабаева.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін