Түркиядағы жағдайға орай Сыртқы істер министрлігі жедел желі ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркиядағы жағдайға орай Сыртқы істер министрлігі жедел желі ашты

Түркиядағы жағдайға орай Сыртқы істер министрлігі жедел желі ашты

 

  • 16 Шiлде 2016
  • 347
Фото - Caravan.kz

Түркиядағы қауіпсіздік жағдайына алаңдаушылық білдіріп жатқан азаматтарымыздың сұрақтарына жауап беру мақсатында ҚР Сыртқы істер министрлігі Астанада «жедел телефон желісін» ашты, деп хабарлайды Caravan.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жайсай отырып.

Азаматтарымыздың қауіпсіздігіне, Қазақстан мен Түркия арасында әуе қатынасын қалпына келтірудің мүмкін мерзімдеріне байланысты сұрақтар бойынша келесі телефон нөмерлері арқылы хабарласуға болады: (+7-7172) 720486 (19.00-ге дейін), +7-7023063417, +7-7013829890.

Түркиядағы жағдайдың дамуы бойынша жалпы сұрақтарға жауап алу үшін келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады: (+7-7172) 720250 (до 19.00), +7-701-7776447.

БАҚ өкілдерін түсініктемелер алу үшін тек Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне ғана хабарласуларын сұраймыз.


Әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен бірлесе азаматтарымыздың Түркия аумағындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жалпы жағдайдың өзгеруіне байланысты қарастырылуда. Рейстер Түркиядағы жағдайдың қалпына оралуынан кейін бірден қайта ашылады. Қабылданған шешім туралы хабарлама БАҚ арқылы қосымша таратылатын болады.

Соңғы жаңалықтар