Түркияға жиналған туристер әуежайда жоқ ұшақты күтуге мәжбүр болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияға жиналған туристер әуежайда жоқ ұшақты күтуге мәжбүр болды

Түркияға жиналған туристер әуежайда жоқ ұшақты күтуге мәжбүр болды

Туристер тағы да тентіреп қалды. Бұл жолы да Түркияға жиналған 200-ге жуық демалушы таңертеңнен қара кешке дейін Атырау мен Ақтөбе әуежайларында жоқ ұшақты тосып отырған. Ақыры шыдамы таусылған жолаушылар ашуын билет сатқан турагенттіктен алмақ болды.

  • 11 Маусым 2014
  • 310
Фото - Caravan.kz

Осылайша демалысының шырқы бұзылған жүздеген адам «Гүлнар Тур» қызметкерлерінің жағасынан алды. Туристік агенттік Ақтөбе және Атырау қалаларында Түркияның Анталия қаласына 200-ге тарта жолдама сатыпты. Бірақ демалушылар әуежайдан ары аса алмай, елде қалып қойған. 40 градус ыстықта отырған саяхатшылар нағыз қаңғыбастың күйін кештік деп күйінеді. Сөйтсе, олар күткен «Джет Эйрлайнс» әуе компаниясының чартерлік рейсі Бодрумда бұзылып, жедел жөндеуге жіберілген екен. Орнына ешқандай ұшақ келмеген. Әуежайда тентіреген туристер бүгін ешқайда ұшпайтынын «Гүлнар Турдың» кеңсесіне келгенде бір-ақ білді. Әбден ызаланған туристер енді Түркияға барудан бас тартып, өтемақы мен моральдық шығын талап етіп отыр.            


Раушан Жұмағалиева, «Гүлнар Тур» туристік агенттігінің өкілі:

— Ұшақ бұзылып қалды. Күні бойы туристерді Түркияға жеткізетін басқа ұшақ іздестірдік. Тіпті Азаматтық авиация комитетіне де өтініш жібердік. Бірақ еліміздің әуе компаниялары бізге басқа ұшақ  бере алмады. Ал комитет түркиялық әуе компанияларының қызметін пайдалануға рұқсат етпеді.