Түркияның президенті Әзербайжанда ресми сапармен болып қайтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияның президенті Әзербайжанда ресми сапармен болып қайтады

Түркияның президенті Әзербайжанда ресми сапармен болып қайтады

Баку. 2-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Түркияның президенті Абдулла Гюль Әзербайжанда 6 - 8-қарашада ресми сапармен болып қайтады, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Бакудегі түрік елшілігінің баспасөз қызметінен.

  • 2 Қараша 2007
  • 541
Фото - Caravan.kz

«А. Гюль сапар аясында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен жүзбе-жүз кездесу өткізеді, одан кейін келіссөздер кеңейтілген форматта жалғасады. Сапар барысында түрік президентінің Әзербайжан премьер-министрі Артур Расизадемен, парламент спикері О. Асадовпен және осында жұмыс істеп жатқан түрік кәсіпкерлерімен кездесуі жоспарланған. Сапар аясында экономикалық саладағы қатынастарды реттейтін бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде»,- деп хабарлады елшіліктен.

Сондай-ақ А. Гюльдің Әзербайжанға келуі барысында оның Гянджуға сапары да жоспарланған (Әзербайжандағы үлкендігі жағынан екінші қала).


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті