Түркияның "Ататүрік" әуежайында жойқын жарылыс болып, 36 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияның "Ататүрік" әуежайында жойқын жарылыс болып, 36 адам қаза тапты

Түркияның "Ататүрік" әуежайында жойқын жарылыс болып, 36 адам қаза тапты

Ыстамбұл қаласының Ататүрік әуежайында жойқын жарылыс болды. Алдын ала келіп түскен ақпарат бойынша жантүршігерлік оқиғада 36 адам қаза тауып, 100-ден астамы әртүрлі деңгейде жарақат алды.

  • 29 Маусым 2016
  • 358
Фото - Caravan.kz

Оқиға ортасына келген қала губернаторы Васип Шахин террорлық актіні үш жанкешті ұйымдастырғанын хабарлады. Жойқын жарылыс әуежайдың халықаралық терминалы мен автотұрағында орын алды. Қаскөйлер қанды қырғынды әуежай ішінде ұйымдастырмақ болған екен. Алайда тәртіп сақшылары дер кезінде олардың жолын кесті.

Куәгерлердің айтуынша, жанкештілер жарылғыш затты іске қоспас бұрын полицияға Калашников автоматымен оқ жаудырып, табанды түрде қарсылық көрсеткен. Лаңкестік оқиғадан соң Ататүрік әуежайында ұшақтардың ұшып-қонуы уақытша тоқтатылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Ал бағыттық кесте бойынша ұшып келетін рейстер болса, қаланың екінші халықаралық әуежайы Сабиха Гөкченге жіберілуде. Қанды шабуылдан жарақат алған адамдарды ауруханаға жеткізуге 60-қа жуық жедел жәрдем көлігі жұмылдырылып, тиісті медициналық көмек көрсетілді.

Атап өту керек, еліміздің Ыстамбұл қаласындағы бас консулдығы зардап шеккендердің қатарында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтау үстінде.


 

Соңғы жаңалықтар