Түрлі мекемелер сайттарын қазақ тілінде дамытуды алдымен мемлекеттік мекемелер қолға алуы қажет - Мәжіліс депутаты М.Әбенов - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрлі мекемелер сайттарын қазақ тілінде дамытуды алдымен мемлекеттік мекемелер қолға алуы қажет - Мәжіліс депутаты М.Әбенов

Түрлі мекемелер сайттарын қазақ тілінде дамытуды алдымен мемлекеттік мекемелер қолға алуы қажет - Мәжіліс депутаты М.Әбенов

Басшыларымыздың көпшілігі халық алдында сөйлегенде басын қазақша бастап, нағыз өзекті жеріне келгенде орысша сөйлейді.

  • 20 Шiлде 2011
  • 498
Фото - Caravan.kz

Және оның электронды аудармасын еш жерден таппайсың. Сондықтан түрлі мекемелер сайттарын қазақ тілінде дамытуды алдымен мемлекеттік мекемелер қолға алуы қажет. Бұл жайында бүгін ҚР Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Алматыда өтіп жатқан «Интернеттегі қазақ тілін дамыту жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында мәлім етті.

Депутат қазақ тіліндегі портал, сайттарды жасауда мүмкіншілік аз екендігін, оған мемлекет тарапынан қолдау қажет екендігін де айтып өтті.

Жиын барысында сондай-ақ интернеттегі қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мен дамыту үрдістері, танымал сайттарды басқару жүйелерін қазақ тіліне аудару, бастауыш веб-мастерлерге және бағдарламашыларға қазақ тілінде жәрдем құралдарын, веб-терминдердің бірегей сөздігін жасау мәселесі көтеріліп, талқыға түсті.

Қазақстанның интернет қауымдастығы өкілдерінің пікірінше, қазіргі таңда Қазнетте қазақ тіліндегі сайттардың саны жалпы қазақстандық сайттардың 12 пайызын ғана құрайды екен. Жыл сайын қазақ тіліндегі жаңа ресурстар пайда болғанымен мемлекеттік тілдегі контенттерді танымал етудің жаңа жолдарын іздестіру керек дейді жиынға қатысушылар.

Аталған шараға көптеген қоғамдық бірлестіктер, танымал интернет-ресурстар, байланыс операторлары және ҚР Мәдениет министрлігі өкілдері қатысуда.

Дөңгелек үстел «Қазақстанның интернет қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «GSM Kazakhstan» ЖШС Kcell сауда белгісінің қолдауымен өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар