Ішкі Істер министрі жаңа құжатарқылы түрмеде отырғандардың барлығын жеке камераға ауыстырмақ. Ол үшін құны миллиардтаған теңге болатын ондаған колония салу қажет екен. Сондықтан бұл іске кәсіпкерлер тартылмақшы. Халықаралық стандартқа сай алғашқы түрме Қарағандыда бой көтеруі тиіс.
Мейрам Аюбаев, Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары:
-Мекемені бизнесмен өзі салады. Оның пайдасы ішіндегі жұмыстарды: тамағы бар, киімі бар басқа да қызметтен пайдасын табады.Бұл негізі гостиница бизнесі сияқты ғой. Мемлекеттің ақшасын біз соған береміз, суына, киіміне, тамағына.
Ал, жаңа түрме кәсіпкердің жеке меншігінде болады. Компания басшысы өзі салған түзету мекемесінің аумағынан шағын кәсіпорын ашып, сотталушыларды жұмысқа тартуға да құқылы. Тіпті жазасын өтеушілерге
арнап әмбебап дүкен ашылып, туыстары жіберетін сәлемдемеге тыйым салынбақ.
Қалмұханбет Қасымов: ҚР Ішкі істер министрі:
-Сотталғандар сырттан келетін азық-түліктің барлығын жеп тауыса алмайды. Тұрып қалған тағам жататын орындарын ластап, санитарлық талап бұзылады. Оның үстіне сәлемдемемен қоса есірткі алып кіретіндердің саны азаймай отыр.
Сондай-ақ, Қалмұханбет Қасымов түрмеде отырғандарға жұмсалатын шығынды да айтып қалды. Бір сотталушыға айына 57 мың теңге жұмсалады. Ал, ас мәзірін тағамтанушылар бекітіп берген. Министрдің айтуынша, біздің елде әскерилерге қарағанда сотталғандардың жағдайы тәуір. Депутаттардың шамына тигені осы болды.
Тұрсынбек Өмірзақов, Мәжіліс депутаты:
-Неге Үкімет түрмедегі кісілерге соншама ақшаны бөледі? Неге олар тамақтанып олар біздің ақшамызды жейді? Олар өздері ақша тапсын, сөйтіп өмір сүрсін. Әрбір түрмедегі кісіге 57 мың теңге кетеді, — дейді министр .Ол дұрыс емес деп ойлаймын.
— «Қылмыстық кодекстің» жаңа жобасы бойынша сотталушының жақындарымен жүздесуіне қатысты да өзгеріс енді. Бұдан былай түрмедегілер мінез-құлқына, тәртібіне қарай туыстарымен жиі кездесуге мүмкіндік алмақ. Оған тек екі күн белгіленген.