«Түрмеде жатып-ақ өлтіреміз». Еліміздің оңтүстігіндегі жұртты зар жылатып, сосын үрейлендіріп отырған ұрылар кімдер? - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Түрмеде жатып-ақ өлтіреміз». Еліміздің оңтүстігіндегі жұртты зар жылатып, сосын үрейлендіріп отырған ұрылар кімдер?

«Түрмеде жатып-ақ өлтіреміз». Еліміздің оңтүстігіндегі жұртты зар жылатып, сосын үрейлендіріп отырған ұрылар кімдер?

Қасқырға қой бақтырған заман болды бұл. Оңтүстік Қазақстан облысындағы көптеген базарларда ұрылар мен күзетшілер сыбайлас екен. Қарауылдар тіпті қалта қағатындарға көмектесу үшін бейнебақылау камерасын бұрып қоятын көрінеді.

  • 19 Қазан 2017
  • 17389
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы шымкенттік белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, ұрылар сотталған күннің өзінде жәбірленушілерге тыныштық бермейді екен, деп хабарлайды Caravan.kz

«Базарларда ұрлық-қарлықпен айналысқан қылмыстық топ жақында ұсталған еді. Солардың қазір соты болып, үкімі шықты. Бірақ халықтың үрейі әлі басылмай жатыр. Өйткені олар ұйымдасқан топ болғаннан кейін, бостандықта жүрген сыбайластары бар. Мақтарал, Арыс, Сарыағаш аудандары, Түркістан қаласындағы және Шымкент қаласының Еңбекші, әл Фараби аудандарындағы барлық базарларда біреулердің телефонын немесе базарға сауда жасауға келгендердің ақшаларын алып кетіп жүрген қылмыстық топтың ісі Абай аудандық ІІБ арқылы сотқа жіберіліп, біраз адам сотталды. 34 жәбірленуші бар. Сол жәбірленушілердің әлі уақытқа дейін үрейі басым болып тұр. Енді облыстық сотта үкім бұзыла ма деген де күдік бар… Бірінші жәбірленуші өзінің 2 миллион теңгесінен, алтындарынан және басқа да заттарынан айырылып отыр. Осы кісі артынан қалмай, үлкен ұйымдасқан қылмыстық топтың ісін сотқа дейін аппаруға септігін тигізді. Негізі, көбі қылмыскерлер «беттеріңді тілемін, өлтіріп кетемін» деген соң, арыздарын қайтып алған» деді А.Орынбек әлеуметтік желідегі тікелей эфирінде.

Сосын заңгер жәбірленушілердің біріне сөз берді. Бірақ сөйлеген әйелдің түрі жеке басының қауіпсіздігі мақсатында көрсетілген жоқ.

«Өз басымыздан өткен жайтты ешкімге тілемейміз. Басынан өткен адам ғана бұл жағдайды түсінеді деп ойлаймын. Былтырдан бері сандалып, қақпаған есігіміз қалмады. Базарда сөзге қалай айналдырып, қалай алдағанын білмейміз. Мүмкін, гипноз да шығар. Сол сәт әлі есімнен кетпейді, көз алдымда. Ұрыларға бұрын тап болып көрмеген едім. Өзіміз ешкімнің ештеңесін алмағаннан кейін бұлай болады деп ойлаған емеспін. Бұлар базарға екі-екеуден бөлініп келеді. Сөзге айналдырып, сөмкемді ұрлап алып кетті. Сауда орнын жақсылап тексердім. Сатушылар: «Біздің заттарымыздың арасын қараңыз. Күмән болмасын. Бізден көрмеңіз» деп айтты. Мен содан арттарынан жүгіріп барып, екі әйелді тоқтатқанымда, олар пакеттерін ашып «міне, көр» деп көрсетті. Ұйымдасқан топ деп ойлаған жоқпын. Пакетін көрсеткеннен кейін «кешірерсіздер» деп жібере салды. Полицияға хабарластым. Олар келді. Арыз жаздым. Менен басқа да жәбірленушілер шыға бастады. Үшеуі қамауға алынып, төртіншісі қашып жүріп, жалдамалы пәтерде жатқан жерінен ұсталып, ертесіне қамауға алынды» дейді түрін көрсетпей сөйлеп отырған келіншек.


Осы тұста Айгүл Орынбек Оңтүстік Қазақстандағы көптеген базарларда ұрылар мен күзетшілердің сыбайлас екенін айтты.

«Базарларда күзетшілер бейнебақылау камерасын бұрып қояды екен. Сосын ұрылар оларға үлесін береді. Сондықтан базарлардың барлық күзетшілерін тексеріп тұру керек. Сосын олардың көбінде бақылау камералары сапасыз. Мықты камералардың қойылуын талап еткен жөн. ІІМ осы тұрғыда базарлардың барлығына тексеру жүргізеді деген ойдамын» дейді заңгер.

Ал жәбірленушінің айтуынша, ұсталған ұрылар арызданушыларға полицияның көз алдында қоқаң-лоққы көрсеткен.  

«Үйіне барғанда 50-ден астам сөмке көрдік. Көптеген қалта телефондары, әмияндар шықты. Бізге полициядағылар басқалармен араластырып көрсетеміз, тануларыңыз керек деді. Біз таныдық. Олар бізге тап сол жерде қоқаң-лоққы көрсетті. «Арыздарыңды алыңдар. Беттеріңді тілеміз, қандарыңды судай ағызамыз, тілдеріңді кесіп кетеміз» деген өмірімізде естіп көрмеген сөздерді айтты. Сол жерде біраз адам қорыққанынан арызын алып кетті. «Көкеміз бар» деген соң көп адам қорықты. Олар (сотталғандар – ред.) енді үкімге риза болмай, апелляцияға берді. Сол кезде біз жоғарыға шағымданамыз, бізді Пірнияз деген кісі шығарады деп ашық айтқан. Сотталушылар әкетіп бара жатқанда айтты. Сол жақта жатып-ақ сендерді өлтіріп кетеміз деді» дейді әйел.

Айгүл Орынбектің айтуынша, осылай ашықтан-ашық қорқытып-үркітулердің салдарынан ұрлыққа қатысты көптеген іс жәбірленуші мен күдіктінің келісімге келуі арқылы жабылып жатыр екен. Яғни жәбірленуші қорыққаннан осындай қадамға баруға мәжбүр.

Беттерін лезвімен тіліп, базарларда ұрлық жасап жүрген ОПГ ұсталған. Іс сотқа өтсе де адамдар үрей үстінде! Қоқан лоқы тоқтамай жатқан соң ашынған халық менен көмек сұрап келіп отыр.

Posted by Айгүл Орынбек on Wednesday, October 18, 2017

Соңғы жаңалықтар