Түрмеде зорланған келіншек енді аштық жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрмеде зорланған келіншек енді аштық жариялады

Түрмеде зорланған келіншек енді аштық жариялады

Түрмеде зорланғанына қатысты соты болып жатқан жазасын өтеуші Наталья Слекишина адвокат Айман Омароваға тағы да шұғыл хат жолдап, аштық

  • 19 Қыркүйек 2016
  • 745
Фото - Caravan.kz

Түрмеде зорланғанына қатысты соты болып жатқан жазасын өтеуші Наталья Слекишина адвокат Айман Омароваға тағы да шұғыл хат жолдап, аштық жариялайтынын мәлімдеген. Бұл туралы оның бұрынғы адвокаты А. Омарова Фейсбуктегі жеке парақшасына жазды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Слекишина Наталья аштық жариялады! Маған белгілі болғандай, оның қауіпсіздігін Алматы қаласының прокуратурасы қамтамассыз етуде. Іс жаңа арнаға бұрылды, деп жазыпты А. Омарова.

Ал жазасын өтеуші келіншек өз хатында былай деген: "Мен Наталья Викторовна Слекшина емізулі баласы бар анамын. Аштық жариялауға мәжбүрмін және маған мына адамдарды шақырмайынша аштық жариялаймын.

  1. Менің адвокатым Айман Омарова
  2. Алматы прокуроры Асылова Б
  3. Арнайы прокурор Мырзақыров
  4. Бұқаралық ақпарат құралдары. БАҚ


Себебін тек бәрінің көзінше айтамын. 18.09.16 Слекшина. Н.В

Еске сала кетсек, түрмеде топ болып зорлады деген жазасын өтеуші келіншек кеше ғана "SOS! Слекишина Наталья көмек сұрайды!" деп А.Омарова хат жазған еді. Онда жазасын ол адвокатқа өзін тастап кетпеуді, одан бас тартуға өзін мәжбүрлегенін жазған еді.

Бұған дейін хабарлағандай, 32 жастағы жазасын өтеуші Наталья Слекишина түрменің төрт қызметкерді жабылып зорлады деп шағымданған болатын. Бірақ қазір сотта ауйыпталушы ретінде бір ғана адамнан жауап алынуда. Ол — майор Руслан Хакимов. Бұл адам Слекишинаның түрмеде туған қызының әкесі деп танылған.

Соңғы жаңалықтар