Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің кезекшісі Руслан Қуанғалиев хабарлады.
"Зорлағаны үшін ұзақ мерзімге жаза кесілген інісіне кездесуге келген азаматшаны тексеру барысында, оның іш киімінен ірі көлемдегі қаражат — 900 АҚШ доллары және 12 000 рубль табылды", — деп хабарлады Руслан Қуанғалиев.
Оның айтуынша, бүгін жиналған материалдар сотқа жіберіледі.