Жарияланды: 250

Түрмедегі "Қазақ аруы": ең сұлу қылмыскер әйел анықталды - фото

Түрмедегі "Қазақ аруы": ең сұлу қылмыскер әйел анықталды - фото

Атырау облысындағы әйелдер колониясында "Қазақ аруы 2019" байқауы  өтті. Қазылар алқасы үміткерлердің қазақтың салт-дәстүрін қаншалықты білетін бағалады, деп хабарлады  ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Қатысушылар көрерменге өз өнерін паш етіп, жасаған бұйымдарын ұсынды.

"Ұлттық нақыштағы киім, сахналық образ, сөйлеу мәнері мен би. Мұның бәрі көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады", - деді комитеттің баспасөз қызметі.

Байқау тәжіне алаяқтық жасағаны үшін сотталған үміткер ие болды. Қатысушылардың бәріне құнды сыйлықтар мен "Шапағат" қорының дипломы табысталды. Бас жүлде – тігін машинасы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін