Жарияланды: 290

Түрмеге бауырсақтың ішіне есірткі тығып өткізбек болған азамат ұсталды

Қызылорда облысында колонияға есірткі өткізбек болған азамат ұсталды. Облыстық ІІД баспасөз қызметі жетекшісі Қалбыдек Абдоллаевтың айтуынша, ер адам қолындағы бауырсақ толы пакетті түрмеде жазасын өтеп жатқан танысына бергісі келетінін айтқан. Тексеру барысында бауырсақтың бірін ортасынан бөлген түрме қызметкері қалташаға салынған марихуана тауып алыпты. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін