"Тұрмыс құру ниетім бар": Атышулы Динара Әлжан Қайнар Алагөзовпен түскен суреттерін неге жиі жариялап жүр? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тұрмыс құру ниетім бар": Атышулы Динара Әлжан Қайнар Алагөзовпен түскен суреттерін неге жиі жариялап жүр?

"Тұрмыс құру ниетім бар": Атышулы Динара Әлжан Қайнар Алагөзовпен түскен суреттерін неге жиі жариялап жүр?

Атышулы әнші Динара Әлжан тұрмыс құруға ниеті бар екенін айтты. 

  • 13 Сәуiр 2023
  • 978
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Қазір жалғызсыз ба? Басыңыз бос па? Тұрмыс құру ниетіңіз бар ма?" деген оқырман сауалына өнер иесі "Басым бос. Тұрмысқа шығу ниетім бар" деп жауап берген. 

Алайда, Динара Әлжан бұл жауабын Қайнар Алагөзовпен бірге түскен видеосымен жариялапты. Ол соңғы кездері желіге елге белгілі ақын Қайнар Алагөзовты жиі салып жүр.

Қайнар Алагөзовтың жуырда шыққан кітабын құшақтап түсіп, "Естелікке" деп жазып берген қолтаңбасын арнайылап тағы жариялаған. 

Және әншінің жаңа шыққан "Деме" әнінің сөзін де Қайнар Алагөзов жазып бергені белгілі. 

Еске салайық, бұған дейін ақын Қайнар Алагөзовтың "көкнәр мен анаша шектім" деп берген сұхбаты елді шулатқан еді.


"Анаша, көкнәр шектім": Ақын Қайнар Алагөзов сырымен бөлісті

Ал, Динара Әлжан "Уақыт көрсетеді" YouTube-арнасында Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен де арақатынасы болғанын жариялаған еді. Сұхбат барысында Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтан алған жалпы сомасы 70 мың долларды қалай жұмсағанын да айтқан. Алайда, Шымкенттің экс-мэрі мұны "Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды әрі сандырақ!" деп жоққа шығарған.

Соңғы жаңалықтар