Жарияланды: 5000

Тұрмысқа шыққан Ерке Есмаханның сіңлісі өзін “ұсқынсыз” дегендерге жауап берді

Тұрмысқа шыққан Ерке Есмаханның сіңлісі өзін “ұсқынсыз” дегендерге жауап берді

Таяуда тұрмыс құрып, Қазнетті шулатқан Ерке Есмаханның сіңлісіне желі қолданушылары жағымсыз пікірді қарша боратқан.

Бір күнде желі жұлдызына айналып шыға келген Ақбөпе Әбдіраш мұндайды күтпесе керек. Ол өзін “ұсқынсыз” деп сынағандарға жауап берді.

Ақбөпе Ерке Есмахан сияқты танымал болмаса да, ол да өнер адамы. Таңдаған жары да бұл әлемнен алыс емес. Тимур есімді жігіт білікті режиссер. Өнерде жүрген қос ғашықтың өмірге деген көзқарасы да ерекше. Тимур мен Ақбөпе үйлену тойларына өзгеше стильде киініп келген. Бес тонна макияж, сәнді шаш үлгісі мен ұзын көйлектен бас тартқан Ақбөпе бұл күні ретро стильді таңдаған. Алайда желі қолданушылары бойжеткеннің бұл әрекетін ерсі деп тапса керек-ті.

“Сiздер қалай ғана адамды әдемі, ұсқынсыз деп ажырата аласыздар? Егер сіз солай бөлетін болсаңыз, Құдайға қарсы келгеніңіз ғой?! Бізді, сізді жаратқан Құдай. Осындай миға қонбайтын пікірлеріңізді Құдайға жазып көріңіз, бірақ жауапты ана дүниеде аласыз. Адамның бәрі әдемі. Өйткені біз Құдайдың жаратылысымыз.
Тимур менен де әдемі, көздері дәу, еңселі, денелі, бойы ұзын, шашы қалың, құлағы Шәмшінің құлағындай, даусы жуан, тырнақтары әдемі. Ең бастысы, жүрегі ғажап. Сендерге түр маңызды болса, маған жүрегі, оның тәрбиесі, маған сыбырлап айтатын сөздері маңызды.

Сендер терең ойлай алмайтын, тайызда қалқып жүргенге мәз бола беретін адамсыздар. Не деймін? Құдай аясын сендерді. Тимур басында малғұндардың әңгімесін көріп, депрессияға түсіп қалған. Бірақ үш сағаттан кейін депрессиядан, пікірлеріңізден iшiмiз пысып кеттi” – деп ашынды Ақбөпе.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін