Жарияланды: 13800

"Түрсіз әйел екен, қай жеріне ғашық болдың": Жас жігіттің өзінен 17 жас үлкен әйелге үйленгені рас па?

"Түрсіз әйел екен, қай жеріне ғашық болдың": Жас жігіттің өзінен 17 жас үлкен әйелге үйленгені рас па?

Бозбаланың өзінен 17 жас үлкен әйелге үйленгені рас па? Қалталы әйел болғаны ма? Желіде әлдебір жас жұбайлар мәселесі осындай сұрақтарымен қызу талқыға түсті.  

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Еуразия" бірінші арнасының "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бағдарламаға келген жас-жұбайлар қалай отбасын құрғандарын баяндап берді. 

- Оф-оф, жас баланы сүйіп қалдым оф-оф, деп әуендетті бозбаланың жары атанған әйел. 

- Сымбат тәте, ауыр көтермеңіз деп әрдайым көмектесіп жүретін. Иманды, жақсы жігіт екені көрініп тұр, дейді ол өз сөзінде.

Студиядада "Әйел тез қартайады, өзің қылшылдаған 30 жасқа барған кезіңде қайтесің", деген пікір айтқандар да болды.

Бағдарламаға келген жұптың айырмасы 8 жас екені белгілі болды. Жігіт 21-де болса, жарының жасы 28-де.

- Әлеуметтік желіде, сайттарда 17 жас үлкен деп тарап кетті, дейді жігіт. Бұл тек оқырмандардың жас ерекшеліктерін білмей, жазып жіберген жалған ақпарат екені белгілі болды. 

Бір үйдің жалғыз баласы өз шешімін қабылдап, сөзінде тұрғанын айтты. Бір жерде жұмыс жасап жүрген екеуінің арасындағы сыйластық, махаббатқа ұласқан. Нәтижесінде бір отбасы болғандарын айтты. 

https://www.youtube.com/watch?v=-WE0svNjRx0

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін