Жарияланды: 250

Тұрсынғали Алагөзов сотта өз компаниясынан қалайша күйрей жеңілді

Тұрсынғали Алагөзов сотта өз компаниясынан қалайша күйрей жеңілді

Танымал продюсер Баян Алагөзованың күйеуі кезекті рет сот отырысында болды. Ол бұл жолы бұрынғы әйелі Ляйсара Марат ықпал етіп отырған ірі компанияға бақылау жүргізуді қайтарып алуға тырысқан.

Алагөзовтар отбасы үшін бұл жыл ірі сот процестерімен есте қалуы мүмкін. Соңғы он айда сот отырысына оның ағасы Асқар Тұрсынғали, әкесі, ұлы және қызы, одан бөлек бұрынғы әйелі Ляйсара Марат барып қайтты. Бұл жағдай әлі де жалғасатын сияқты.

Жақында ғана Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов пен өз компаниясы «GALANZ bottlers» АҚ арасындағы ұзаққа созылған сот процесі аяқталды.

Caravan.kz медиа-порталы ҚР Жоғарғы сотынның базасында жарияланған Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотынның соңғы шешімінен үзінді келтіруді жөн санады.

Мәлім болғандай шағымданушы Алагөзов компанияның директорлар кеңесі тарапынан 2017 жылы көктем-күз айларында шығарылған шешімдерін өзгертуді талап еткен.

Алагөзовтың пікіріне қарағанда, шешімнің заңдық күші жоқ. Себебі, акционерлерді шақыру тәртібі бұзылған.

Дегенмен сан мәрте өткен кезектен тыс жиналыстарға Алагөзов қанша шақырылса да келмеген болып шықты.

Мәселен, 2017 жылы 17 шілде күні акционерлердің кезектен тыс жиналысы өткен және ол туралы Алагөзовке ескертілген. Бірақ Тұрсынғали Тұрымұлы келмеген. Ал ол күні компания мен бизнесменнің компаниядағы тағдырына қатысты шешім қабылданатын болған.

2017 жылдың 21 шілде күні кезекті рет акционерлердің сырттай отырысы өтіп, онда да компанияны басқаруға қатысты бірқатар маңызды шешімдер қаралды.

Бірақ ол кезде жиналысқа дауыс беруші акционерлердің 43,25 пайыз дауысына ие бұрынғы әйелі Ляйсара Марат қатысқан.

Осындай және өзге де материалдарды қарай келе сот Алагөзовтың шағымын қанағаттандырған жоқ.

Сондықтан бизнесмен Алагөзов әзірге өз компаниясына бақылау жасауға қол жеткізе алмады.Дегенмен ол қарсы шағым беруге құқылы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін