Түс арқылы Алла пендеге ескертеді, оны тура жолға шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түс арқылы Алла пендеге ескертеді, оны тура жолға шақырады

Түс арқылы Алла пендеге ескертеді, оны тура жолға шақырады

Түс арқылы Алла пендеге ескертеді, оны тура жолға шақырады.

«Мен түсімде намаз оқып жүр екенмін, бұл нені білдіреді?»
«Мен түсімде Құран оқып жүрмін»
«Мен түсімде көп алма өсіріп, оны адамдарға таратып беріппін»
деген секілді мағынадағы хаттар көп келіп жатыр. Иә, кей адамдар түсінде апатқа ұшырағанын не болмаса бір ағайынының қайтыс болғанын, кейде өзінің намаз оқып жүргенін, ренжісіп қалған бір ағайынымен татуласып, сөйлесіп жүргенін, т.б көріп жатады. Негізі мұндай түсті Алла тарапынан болған бір ескерту деп қабылдаған абзал. Иә, бұл – хабар, бұл – Алланың ескертуі.
Демек, сіз сол нәрселерге қатты мән беруіңіз керек. Мысалы, түсіңізге Құран кірсе, онда оған жабысыңыз, қолдан келгенше оқуға, амал жасауға тырысыңыз. Себебі, Алла сізді сол жаққа қарай бағыттап тұр. Ойлануға мүмкіндік беріп тұр.
***
Жер бетінде ескертілмейтін пенде жоқ. Алла сізге жақсылықтың жолын көрсетіп жатқан болса, оны жақсы түс деп есептеңіз де, соған сай әрекет жасаңыз. Яғни өмірде соны жүзеге асырыңыз.

  • 22 Ақпан 2019
  • 1256
Фото - Caravan.kz


                                                                                                                                               Ақпарат көзі: АСЫЛ АРНА

Соңғы жаңалықтар