Жарияланды: 1900

Тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы несие алу келісіміне қол қоярда оны мұқият оқуды ескертеді

Тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы несие алу келісіміне қол қоярда оны мұқият оқуды ескертеді

Несие келісіміне қол қоярда тұтынушылар оған қатты мұқият болу керек.

Бұл туралы бүгін Алматыда «Адал» тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы мен «ХОУМ Кредит Банк» АҚ ұйымдастырған тұтынушылық несие беру саласындағы қаржы сауаттылығы бойынша тұңғыш семинарда айтылды. «Бүгінгі күні қаржы қызметтері нарығында түрлі несиелер ұсынатын жарнамалар көп. Жұртшылықтың көп жағдайда тұтынушылық несие бойынша қаржылық сауаттылығы төмен. Сондықтан ол бұзылған жағдайда да хабарсыз қалып жатады. Тіпті ол жерге қайта оралып, қателіктерін тағы қайталайтын жағдайлар жиі кездесуде», - дейді «Адал» тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамының президенті Артық Сейітқалиева. Ал банктің өнімдерді әзірлеу жөніндегі менеджері Гүльчира Кенжебаеваның айтуынша, бұрын қаржы институттары көп жағдайда келісімдегі міндеттемелерді кішкентай шрифпен теріп, оған тұтынушылардың назарын аударумауға тырысатын. Соңғы жылдары заңнамадағы өзгерістерге сәйкес бұл мәселе оң шешімін тапты. Қазіргі таңда олар өз комиссиялық алым көлемін жасыра алмайды. Сондықтан заң бұзушылық негізінен банк қызметкерлерінің консультациясы кезінде орын алып жатады. Сол себепті келісімге қол қояр кезде тұтынушылар оны мұқият оқып шығып, содан кейін ғана қол қоюы керек. Егер келісімнің ішінде қандай да бір күмәнді жәйттар болса одан бас тартуы тиіс. Адал Сейітқалиеваның сөзіне қарағанда, банктен несие келісімін жасаған соң тұтынушы оның шартын орындауға міндетті. Сондықтан кейде оны бұзуға заң да көмектесе алмайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін